Қазақстанда коронавирустан 3 адам көз жұмды - Шетелдік БАҚ (фото)

0
3 437

ДСМ ресми өкілі Диас Ахметшәріп бұл ақпаратты жоққа шығарды.


Қазақстанда коронавирустан 3 адам көз жұмды - Шетелдік БАҚ (фото)

ERNUR.KZ. Әлемдік карталар мен онлайн есеп ресурстары сайты Қазақстанда коронавирустан 3 адам көз жұмды деп жазған. Алайда ҚР ДСМ ресми өкілі Диас Ахметшәріп бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп жазады Zakon.kz.

Біз бұл ақпаратты жоққа шығарамыз. Бүгін Қазақстанда коронавирустық инфекцияның тағы бес жағдайы расталды. Қарағандыда екі оқиға бар, олар - 0324 Минск-Қарағанды рейсінің жолаушылары, 1971 және 1972 жылы туған. Алматыда үш жағдай расталды: 1982 және 1979 жылы туған екі қыз Берлиннен ұшып келген. 1997 жылы туған үшінші азамат Франциядан келген. Қазіргі уақытта Қарағандыда екі оқиға, Алматыда 22 және Нұр-Сұлтанда 25 адам. Барлығы 49 болып отыр. Барлық 49 науқастың жағдайы қанағаттанарлық, Қазақстанда коронавирустан өлім жоқ, - деді Ахметшәріп.

Статистика жүргізетін сайт, скрин