Кемероводағы қайғылы оқиғаға байланысты билік басындағылар қызметтен қуыла бастады

0
1 668

Ресейдегі Кемерово облысы губернаторының орынбасары Алексей Зеленин қызметтен босатылды. Енді оның орнына бұған дейін Кемерово қаласы мэрінің орынбасары болып келген Ольга Турбаба тағайындалды.


Кемероводағы қайғылы оқиғаға байланысты билік басындағылар қызметтен қуыла бастады

Ресейдегі Кемерово облысы губернаторының орынбасары Алексей Зеленин қызметтен босатылды. Енді оның орнына бұған дейін Кемерово қаласы мэрінің орынбасары болып келген Ольга Турбаба тағайындалды, - деп хабарлайды Ratel.kz.

Зелениннен басқа Ішкі саясат департаментінің басшысы Нина Лопатина да атқарып жүрген лауазымынан аластатылды. Ал, Лопатинаның орнына оның орынбасары Валентина Назимок тағайындалды.

Естеріңізге салайық, Кемеровадағы «Зимняя вишня» сауда орталығындағы өрт салдарынан 64 адам бақилық болса, 76 жан ауыр дене жарақатын алған. Сондай-ақ, ешбір дерексіз 67 адам жоғалды деген мәліметті қала тұрғындары жоққа шығарып қазіргі уақытта 85 туысының қайда жүргенінен бейхабар екенін айтады.

Осы оқиғаға қатысты енді әлі де жұмыстан кететіндер саны арта бермек.