Кемероводағы өрттен қаза тапқан 25 адамның мәйіті танылды

0
1 240

Ресейдің Кемерово қаласында өрттен қаза тапқан 64 адамның 25-інің денесі танылды. Бұл туралы елдің Денсаулық сақтау министрі Вероника Скворцоваға сілтеме жасап 24.kz хабарлады.


Кемероводағы өрттен қаза тапқан 25 адамның мәйіті танылды

фото: ашық дереккөзден

Ресейдің Кемерово қаласында өрттен қаза тапқан 64 адамның 25-інің денесі танылды. Бұл туралы елдің Денсаулық сақтау министрі Вероника Скворцоваға сілтеме жасап 24.kz хабарлады.

Жеке тұлғасы анықталған 25 марқұмның 13-і – төрт пен он үш жас аралығындағы балалар. Бүгін таңертең Кемеровоға сот-медициналық орталығының мамандары келді. Олар қайғылы оқиға болған жерде генетикалық зерттеу жүргізбек. «Ауруханада емделіп жатқан күйік шалған 15 адамның 13-інің жағдайы жақсарып келеді», – дейді дәрігерлер. Айта кеткен жөн, отқа оранған сауда орталығындағы құтқару-іздестіру операциясына 297 адам жұмылдырылған. Ал елдің Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері ғимаратта қайта монтаждау жұмыстарын жүргізу мамандар өміріне қауіпті екенін алға тартып отыр.