Кемерово қаласындағы «Зимняя вишня» сауда орталығының қызметкерлері «Залда ешкім жоқ» деп еріктілерге балаларды құтқаруға мүмкіндік бермеген,- деп хабарлайды ERNUR.KZ life.ru ақпараттық порталына сілтеме жасап.
фото: life.ru

-Мен балаларды қалай шығарып жатқанын көрдім, менің досымды орталық қызметкерлері онда балалар жоқтығын айтып ішке кіргізбеді,-деді кемерово қаласының тұрғыны.
-Балалар соңғы демі қалғанша құтқарушыларды күткен. Құтқарылғандары газбен уланып қалмау үшін мұрындарын жауып әрең демалған. Іште балалар болған. Оларды құтқарып қалуға болатын еді,-дейді оқиға куәгері.
Өрт 25 наурыз күні күндіз басталған. От 19 сағаттан соң ғана сөндірілді. Тілсіз жаудан 64 адам қаза тапты, 15 мәйіттің жеке басы анықталды. Жергілікті БАҚ өрт сөгеннен кейін де қайта тұтанғанын, ғимараттың құлау қауіпі бар екенін айтты.