Ұшақ әуежайдан көтерілген соң 3 минуттан кейін төмен құлдилаған.
ERNUR.KZ. Конго демократиялық республикасында шағын жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап, 23 адам қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».
Оқиға Гома қаласында болды. Ұшақ әуежайдан көтерілген соң 3 минуттан кейін төмен құлдилаған. Ұшақ бортында болған 2 экипаж мүшесі мен 17 жолаушының барлығы көз жұмды. Бұдан бөлек жерде тағы 4 тұрғын опат болды. Төтенше оқиғаның себебі белгісіз. Қазір тергеу жүріп жатыр.