Қырғызстан аумағында жер сілкінісі болды

0
1 351

Жерасты дүмпуінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 414 шақырым қашықтықта, Қырғызстан аумағында орналасқан.


Қырғызстан аумағында жер сілкінісі болды

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС-нің сейсмикалық стансалар желісі 15 сәуір күні Алматы уақытымен сағат 9:49-да жер сілкінісін тіркеді, деп жазады inform.kz.

Жерасты дүмпуінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 414 шақырым қашықтықта, Қырғызстан аумағында орналасқан.

Энергетикалық санаты – 10.9.

MPV магнитудасы – 4,9.

Тереңдігі – 10 км.

Сезілуі туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша): жоқ.