Қытай Өзбекстанда 5G орнатуға көмектеседі

0
598

Өзбекстан мен Қытай цифрлық технологиялар саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.


Қытай Өзбекстанда 5G орнатуға көмектеседі

ERNUR.KZ. Өзбекстан цифрлық технологиялар министрлігінің баспасөз қызметі мәліметінше, бірлескен жұмыс ақпараттық-коммуникациялық технологияларға жаңа үрдістерді енгізуге мүмкіндік береді, деп жазады inbusiness.kz.

"Тараптар инфрақұрылымдық қосылу, байланыс желілерін салу, 5G, желілік қауіпсіздік, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы байланыстарды нығайтуға және тәжірибе алмасуға шешім қабылдады", - делінген хабарламада. Меморандум Өзбекстанның цифрлық технологиялар министрі Шерзод Шерматовтың ҚХР өнеркәсіп және ақпараттандыру министрі Цзинь Чжуанлунмен Бейжіңде өткен кездесуінің қорытындысы бойынша қабылданды.

Қытай ведомствосы басшысының айтуынша, екі ел басшылығының бірлескен жұмысының арқасында түрлі салаларда қытай-өзбек серіктестігі жан-жақты нығайтылды.

"Меморандум "Бір белдеу, бір жол" форумы шеңберінде екі елдің ынтымақтастығын дамытуға және ақпараттық коммуникациялар мен цифрлық технологиялар саласында жаңа нәтижелерге қол жеткізуге ықпал етеді", — делінген ҚХР өнеркәсіп және ақпараттандыру министрлігінің баспасөз қызметінің мәлімдемесінде.