Қытайда нөсер жауын астық алқаптарын жойды

0
1 014

Фермерлер шығынға батты.


Қытайда нөсер жауын астық алқаптарын жойды

ERNUR.KZ. Қытай билігі биыл бидай өнімі аз жиналатынын мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

Елдің басты егіс алқаптары орналасқан Хэнань провинциясында нөсер жауып, салдарынан, өсіп тұрған өнім жарамсыз болып қалды. Фермерлердің айтуынша, жауын-шашын алдымен аймақтың үштен бір бөлігіне қауіп төндірген, алайда, жауын-шашын бірнеше тәулікке жалғасқан соң, егіннің бәрі дерлік жарамай қалды.

Зардап шеккен аймақтарға елдің Ауыл шаруашылығы министрі келді. Ведомство тарапынан 28 млн доллар көмек бөлінетінін айтты. Бұл қаражат елдегі ең ірі астық өндіруші Хэнань провинциясында егіс алқаптарын қалпына келтіру үшін берілді.