Өкпе қабынуынан көз жұмғандар саны өсуде.
ERNUR.KZ. Ухань қаласында (ҚХР, Хубэй провинциясы) жексенбі күні коронавирустың жаңа түрі қоздырған пневмонияны жұқтырған адамдар саны 200-ге жуықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Өкпе қабынуынан көз жұмғандар саны өсуде.
«19 қаңтар 22:00 уақытымен (Бейжің уақытымен) Ухань қаласында короновирустың жаңа түрі қоздырған пневмониямен ауырғандар саны 198-ге жеткен. Олардың 25-і ауруханадан шығарылды, үшеуі көз жұмды, 170 адам медициналық мекемелерде ем алып жатыр. 35 адамның жағдайы нашар, 9-ы ауыр хәлде, 126 адамда аурудың жеңіл түрі анықталды», - делінген денсаулық сақтау істері бойынша муниципалдық комитеттің хабарламасында.
Коронавирустың жаңа түрі ең алғаш Бейжің қаласының оңтүстігіндегі Дасин ауданында тіркелген. Екі науқас та жаңа коронавирус түрін Ухань қаласына барғаннан кейін жұқтырған.