Қытайда жер сілкінді

0
653

Зілзаланың ошағы Алматыдан оңтүстікке қарай 332 км қашықтықта Қытай аумағында орналасқан.


Қытайда жер сілкінді

ERNUR.KZ. Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 6 шілде күні Алматы уақытымен сағат 1:25-те жер сілкінісін тіркеді, деп жазады ҚазАқпарат.

Зілзаланың ошағы Алматыдан оңтүстікке қарай 332 км қашықтықта Қытай аумағында орналасқан.

Энергетикалық класы – 10.7.

MPV Магнитудасы – 4.6.

Эпиошақ координаттары - 40.22° с.е. 77.04° ш.б.

Тереңдігі – 15 км.

МSК-64 шкаласы бойынша сезілуі туралы ақпарат: жоқ.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 4 шілде күні Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 83 км қашықтықта Қазақстан аумағында жер сілкінген еді.