Лючжоу (Қытай) автомобиль логистикалық базасынан Ташкентке жүк пойызы жолға шықты.
ERNUR.KZ. Оған 261 көлік тиелген, деп жазады Inbusiness.kz.
Басылым жазғандай, бұл құрамды жөнелту Қытай-Орталық Азия жүк тасымалы аясында жаңа теміржол бағытының іске қосылғанының белгісі.
Лючжоу — Қытайдағы автомобиль бөлшектерін өндіру және автомобильдер мен бөлшектерді экспорттау жөніндегі негізгі орталығы, сондай-ақ жылдық өндірістік қуаты 2,5 миллионнан асатын автомобиль өнеркәсібінің ұлттық демонстрациялық базасы.
Соңғы жылдары Наньнин қаласындағы Қытай темір жолдары басқармасы тасымалдауды ұйымдастыруды оңтайландырды және Қытай-Еуропа және Қытай-Орталық Азия: Наньнин-Мәскеу, Наньнин-Алматы, Лючжоу-Мәскеу, Лючжоу-Алматы және Наньнин-Ташкент жүк тасымалы аясында бес негізгі трансшекаралық жол ашты. Осы теміржол маршруттары арқылы Гуанси-Чжуан автономиялық ауданы автомобильдерді, ауыр техниканы, азық-түлікті және басқа жүктерді экспорттайды.
SAIC-GM-Wuling (SGMW) мәліметтері бойынша, бұл компания 2023 жылы барлығы 114 мың автомобиль экспорттады, өткен жылмен салыстырғанда 25%-ға артық, экспорттың негізгі үлесі жаңа энергия көздерімен жүретін автомобильдерге тиесілі болды.