Ұлттық бас киімді "мазақ еткендерге" айыппұл салуды көздейтін заң жобасы әзірленді

0
1 377

Парламент депутаттары ұлттық бас киімді мазақ еткендерге 20 айлық есептік көрсеткіш бойынша айыппұл салуды ұсынады. Бұл бастаманы депутаттар Экмат Байбакпаев пен Бакирдин Субанбеков көтеріп отыр.


Ұлттық бас киімді

Қырғызстанда "Әкімшілік жауапкершілік жөніндегі Кодекске өзгерістер енгізу жөніндегі" заң жобасы қоғамдық талқылауға шығарылды. Онда қырғыздың ұлттық бас киімі - ақ қалпақты қорлағандарға айыппұл салу қарастырылған,-деп хабарлайды centralasian.org.

Парламент депутаттары ұлттық бас киімді мазақ еткендерге 20 айлық есептік көрсеткіш бойынша айыппұл салуды ұсынады. Бұл бастаманы депутаттар Экмат Байбакпаев пен Бакирдин Субанбеков көтеріп отыр.

Жыл басында қырғыз депутаттары ұлттық бас киімге мәдени символ мәртебесін беруді ұсынған.

Заң жобада ресми қабылдауда және ресми сапарларда жоғары лауазымды тұлғалардың ақ қалпақ киіп жүруі міндеттелген. Ұлттық бас киімді сонымен бірге халықаралық жарыстарға қатысатын спортшылардың да киюі міндеттелген.

Бұл заң жобасы сән көрсетілімінде итке ақ қалпақ кигізіп қойған даудан кейін жарық көрді. Белсенділер шараны ұйымдастырушыларды сынап, митинг өткізген.