​МАГАТЭ Солтүстік Корея нысандарын тексеруге дайын

0
1 096

Пхеньян Сохэдегі зымырандық сынақ алаңын жөндеп жатқаны туралы хабар тарады.


​МАГАТЭ Солтүстік Корея нысандарын тексеруге дайын

ERNUR.KZ. Солтүстік Кореямен өтіп жатқан келіссөздер өз нәтижесін берсе, Атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агенттік бұл елге тексерушілерін жіберуі мүмкін, деп жазады 24.kz.

Мұндай мәлімдемені ұйымның басшысы Юкия Амано БҰҰ-ның Қауіпісіздік кеңесінде жасады. Оның айтуынша, агенттік мұндай әрекетті жүзеге асыру үшін Пхеньямен келіссөз жүргізуші тараптар саяси шешімге келуі тиіс. Еске салайық, биыл ақпан айында Вьетнамда АҚШ пен Солтүстік Корея басшыларының саммиті өтті. Бірақ басқосу нәтижесіз аяқталды. Тіпті көп уақыт өтпей, Пхеньян Сохэдегі зымырандық сынақ алаңын жөндеп жатқаны туралы хабар тарады. Ал МАГАТЭ бұл елдегі ядролық нысандарды соңғы рет 2009 жылы тексерген.