Mango Ресейде тікелей саудадан бас тартты

0
520

Бренд дүкендерін франчайзилерге беру туралы шешім қабылдады.


Mango Ресейде тікелей саудадан бас тартты

ERNUR.KZ. Ресейде 23 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан компания "геосаяси жағдайдың дамуына қатысты белгісіздікке байланысты" дүкендерін франчайзилерге беріп жатыр, деп жазады inbusiness.kz.

Басылымның мәліметінше, компанияның ресейлік өкілдігінде 800 қызметкер жұмыс істейді. Наурызда бренд Ресейдегі жұмысын уақытша тоқтату туралы шешім қабылдады, соның нәтижесінде 55 дүкен және брендтің 65 франчайзингтік желісі жабылды. Сонымен қатар бренд онлайн сатылымдарды да жапты.

Алдағы айларда Mango-ның жеке дүкендерін франчайзингтік серіктестерге беру процесі өтеді. Компания өкілдерінің айтуынша, алғашқы екі сауда нүктесі келесі аптада серіктестерге рәсімделеді, шілде айында оған тағы 22 дүкен қосу жоспарлануда.