Мәскеуде белгілі шахматшылар пәтерде өлі табылды

0
602

Алдын ала болжам бойынша, спортшылар көңіл көтеретін газдан уланған.


Мәскеуде белгілі шахматшылар пәтерде өлі табылды

ERNUR.KZ. 5 наурызда кешке Мәскеудің батысындағы пәтерлердің бірінде белгілі украиналық шахматшы Станислав Богданович пен оның құрбысы Александра Вернигора өлі табылды, деп жазады Тengrinews.kz.

Мәйіт жанында азот тотығы бар шарлар жатқан: алдын ала болжам бойынша, спортшылар көңіл көтеретін газдан уланған. Зорлық белгілері жоқ. Өлімнің нақты себебін сараптама анықтайды.
27 жастағы Богданович гроссмейстер, Одесса және Украина чемпионы болған. Онымен бірге қаза тапқан 18 жастағы Вернигора ММУ-де оқыған, ол әлемдік шахмат федерациясының (FIDE) рейтингінде 1861-орында тұр, қыз Украинаның намысын қорғаған.
Бірнеше күн бұрын Станислав Богданович Ресей атынан Украинаға қарсы интернет-матчте ойнаған. Осылайша, оның айтуынша, ол елдер арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға көмектескісі келген. Алайда бұл әрекетіне украиналық әлеуметтік желі қолданушылары наразылық білдірді.
Спортшы сын астында ғана қалып қоймай, сонымен қатар, Ресейдің насихат акциясына қатысушы ретінде "Миротворец" сайтының базасына енді.