Бұл туралы Мексиканың қоғамдық қауіпсіздік министрлігі Twitter парақшасында мәлімдеді.
ERNUR.KZ. Мексиканың батысындағы Мичоакан штатында қаскөйлер полицияға шабуыл жасап, кем дегенде 14-ін өлтірген, деп жазады ҚазАқпарат.
«Миленио» газетінің жазуынша, қарулы қылмыскерлер соттың ордерімен Агилилья муниципалитетіне келген тәртіп сақшыларын торуылдаған.
Хабарларға қарағанда, тағы үш полицей жараланып, хал үстінде жатыр. Бұдан тыс, алты полицей хабар-ошарсыз кетті деп жарияланды.
Шабуылдағандар жол талғамайтын бронды автокөлікте болған.
Мичоакан губернаторы Сильвано Ауреолес Конехо «бұл қырғынды жасағандар жазасыз қалмайды» деп уәде берді.