Мексикадағы атыс: 8 адам мерт болды

0
653

Шабуыл салдарынан 2 бала қаза тапты.


Мексикадағы атыс: 8 адам мерт болды

ERNUR.KZ. Белгісіз адамдар дүйсенбі күні Мексиканың батысындағы Мичоакан штаты Уруапан қаласындағы ойын салонына келушілерге оқ жаудырды. Бұл туралы аймақтың қоғамдық қауіпсіздік басқармасы Twitter парақшасында мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.

Шабуыл салдарынан 8 адам, оның ішінде 2 бала қаза тапты.

«Ла-Магдалена ауданындағы шабуылдан кейін Қорғаныс министрлігі, Ұлттық гвардия және аймақ прокуратурасымен бірігіп жұмыс режімін күшейттік», - дейді қуіпсізідік басқармасындағылар.

Мұндай әрекетке не түрткі болғаны жарияланбады.

Шабуыл жасаған адамдар оқиға орнынан ізін суытып үлгерген. Билік өкілдері оларды іздестіріп жатыр.