Немересімен сөйлесіп жүрген оқушыны аяусыз сабаған депутат мандатынан айырылды

0
533

9-сынып оқушысы Өзбекстанның Қашқадария облысындағы Камаши аудандық кеңесінің депутаты Панжи Нуртоев 8-сыныпта оқитын немересімен көңіл жарастырған.


Немересімен сөйлесіп жүрген оқушыны аяусыз сабаған депутат мандатынан айырылды

ERNUR.KZ. Өзбекстанда немересімен қыз-жігіт ретінде сөйлесіп жүрген оқушыны аяусыз сабаған депутат айыпталып жатыр, деп жазады ulysmedia.kz.

Басылымның жазуынша, 9-сынып оқушысы Өзбекстанның Қашқадария облысындағы Камаши аудандық кеңесінің депутаты Панжи Нуртоев 8-сыныпта оқитын немересімен көңіл жарастырған. 4 қарашаға қараған түні жасөспірім терезеден қыздың бөлмесіне кірген. Оны байқап қалған депутат ұлымен бірге оқушыны сабап тастаған.Сол түні жасөспірім аудандық ауруханаға жеткізілген.

Істі алдымен аудандық тергеу ісі бастап, кейін бұл істі бас прокуратураға берген. Себебі, Нуртоев жергілікті кеңес депутаты болғандықтан, оны қол тигізбеу мәртебесінен айыру үшін бас прокуратаның ұсынысы қажет болған.

Өзбекстанның либерал-демократиялық партиясының Қашқадария облыстық кеңесі жиналыс өткізіп, Нуртоевты партиядан шығару және депутаттық мандатынан айыру туралы шешім қабылдапты.