Немересін 300 долларға сатпақ болған әйел ұсталды

0
1 229

Қалалық ІІМ мәліметі бойынша, 22 наурызда әйелді 20 мың сом (шамамен 300 доллар) алған жерде ұсталды. Ол бір айға да толмаған немересін "сатып алушыға" тастап кете барған.


Немересін 300 долларға сатпақ болған әйел ұсталды

Ош қаласының тәртіп сақшылары немересін сатуға талпынған 59 жастағы әйелді қамауға алды, - деп жазады Ernur.kz тілшісі Kaz.karavan.kz сайтына сілтеме жасап.

Қалалық ІІМ мәліметі бойынша, 22 наурызда әйелді 20 мың сом (шамамен 300 доллар) алған жерде ұсталды. Ол бір айға да толмаған немересін "сатып алушыға" тастап кете барған.

Нәрестені бірден әлеуметтік қызметкерлер алды. Енді «саудагер әйелдің» үстінен "Адам саудасына" қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазір күдікті тергеу абақтысында отыр. Тергеушілер әйелдің мұндай әрекетке не себеп болғанын анықтауда.