Нормандия декларациясы: Батыс елдері Киевке көмектесуді жалғастыруға келісті

0
356

Нормандия декларациясы: Батыс елдері Киевке көмектесуді жалғастыруға келісті.


Нормандия декларациясы: Батыс елдері Киевке көмектесуді жалғастыруға келісті

ERNUR.KZ. АҚШ, Канада және олардың еуропалық серіктестері Еуропада бейбітшілік орнағанша Украинаға қолдау көрсетуді мақсат етеді, деп жазылған Батыс одақтастары әскерінің Еуропаға келуіне 80 жыл толуына орай жарияланған Нормандия Декларациясында. Декларацияға қол қойған елдер НАТО-ға еуропалық, трансатлантикалық және жаһандық қауіпсіздікті сақтаудағы орталық рөлді жүктейтінін мәлімдеген, деп жазады sputnik.kz.

"Бүгінгі күні бұл қағидаттар бүкіл әлеммен өзара әрекеттесуіміздің негізі болып қала береді. Біз де жаһандық нормаларды нығайтуға, құндылықтарды ілгерілетуге және барлығы үшін тұрақты дамуды қолдауға тырысамыз. Олар Ресейдің агрессивті соғысынан қорғап, Еуропадағы бейбітшілікті қалпына келтіру үшін Украинаға қанша қолдау қажет болса, сонша қолдау көрсетуге бағыт береді", - делінген АҚШ, Канада, Австралия, Ұлыбритания және басқа оннан астам Батыс елінің атынан жарияланған құжатта.
Солтүстік Атлантикалық альянс пен онымен байланысты серіктестіктер "таза қорғаныс сипатында және басқа мемлекеттердің қауіпсіздігіне ешқандай қауіп төндірмейді" деп көрсетілген. Альянс елдерінің ұжымдық күш-жігерінің басты міндеті "бейбітшілікті қорғау және сақтау" деп айтылған.
Сонымен қатар құжатта жекелеген мемлекеттердің аумақтық тұтастығына қол сұғылмаушылық және оларды күшпен қайта сызуға жол бермеу принципін сақтау қажеттігі ерекше көрсетілген.
"80 жыл бұрын одақтас елдің әскері Нормандияға келген кезде, олар жеңіске жетудің ұзақ және қаһарман жолын енді ғана бастады. Бұл қазір қайтадан қауіп төніп тұрған еркіндік пен барлық әлемдік тәртіптің жеңісі болды. Олардың батылдығын есте сақтау арқылы осы мақсаттарды қорғаудағы өз парызымызды да ұмытпайық", - деп қорытындылады Нормандия декларациясына қол қойғандар.
Мәскеу Украинаға қару-жарақ жеткізу жағдайды реттеуге кедергі келтіреді, НАТО елдерін қақтығысқа тікелей тартады деп санайды. Ресей бұған дейін Украинаға қару-жарақ жеткізілуіне байланысты НАТО елдеріне ескерту жіберген.
Ресей СІМ басшысы Сергей Лавров Украинаға қару-жарақ жіберген кез келген жүк Ресей үшін заңды нысана болатынын айтты. Ресей Федерациясының сыртқы саясат ведомствосы НАТО елдері Украинаға қару-жарақ жеткізу арқылы "отпен ойнап отыр" деп мәлімдеді.