Марқұмдар қарттар үйінің тұрғындары.
ERNUR.KZ. Норвегияда коронавирусқа қарсы вакцина қабылдаған екі адам көз жұмды, деп хабарлайды Хабар24.
Марқұмдар қарттар үйінің тұрғындары.
Ақпарат көздерінің хабарлауынша, оларға Pfizer мен BioN-Tech компаниялары өндірген препарат егілген.
Естеріңізге салайық, Норвегияда вакциналау науқаны желтоқсанның 27-сі басталған еді. Дәріні алдымен егде жастағы тұрғындар мен медицина қызметкерлері қабылдады. Айта кетейік, жалпы пандемия басталғалы бұл елде 50 мыңнан астам адам індеттің ілмегіне ілікті. Олардың 450-ге жуығы осы кеселден көз жұмды.