Оңтүстік Кореяда ірі өрт шықты: 22 шетелдік мерт болды

0
460

Опат болғандардың 20-сы шетелдік азаматтар. 18-і Қытай, біреуі Лаос азаматы. Тағы бір құрбанның азаматтығы анықталған жоқ.


Оңтүстік Кореяда ірі өрт шықты: 22 шетелдік мерт болды

ERNUR.KZ. Бүгін сағат 10:30 шамасында Оңтүстік Кореяның Хвасон қаласындағы Aricell литий батареяларын шығаратын зауытта өрт шығып, 22 адам опат болды. Қаза тапқандардың көбі шетелдіктер, деп жазады Stan.kz.



Агенттіктің мәлімдеуінше, өрт 3-қабаттан шамамен 35 000 батареясы бар қоймадағы батарея ұяшықтары жарылғаннан кейін басталған. Тілсіз жаудың шығуына не себеп болғаны әзірге белгісіз. Құтқарушылар қызыл жалында 5 сағаттан кейін ауыздықтады.

Опат болғандардың 20-сы шетелдік азаматтар. 18-і Қытай, біреуі Лаос азаматы. Тағы бір құрбанның азаматтығы анықталған жоқ.

Жергілікті билік құрбандар саны артуы мүмкін екенін ескертті. Сондай-ақ бір адам із-түзсіз жоғалып кеткенін айтты. Зауыттың тағы екі жұмысшысы ауыр жарақат алды.

Ел президенті Юн Сок Ёл оқиға орнына барды. Ішкі істер министрлігінің басшысы жергілікті билік өкілдерін маңайдағы аумақтың қауіпті химиялық заттармен ластануына жол бермеу үшін қажетті іс-шаралар қабылдауға шақырды.

Агенттіктің мәліметінше, Aricell компаниясы 2020 жылы құрылған. Кәсіпорын сенсорлар мен радиобайланыс құрылғылары үшін литий батареяларын шығарады. Өндірушінің соңғы нормативті құжаттарына сәйкес компанияда 48 қызметкер жұмыс істейді.