Жарылыс кезінде құрылыс алаңында барлығы 26 адам болған, оның 14-і — S-Oil Corp компаниясының қызметкері.
ERNUR.KZ. Оңтүстік Кореяның S-Oil Corp. мұнай өңдеу зауытын іске қосу кезіндегі жарылыс салдарынан бір адам қаза тауып, тоғыз адам жараланды, деп жазады ҚазАқпарат.
Оқиға Сеулден 415 шақырым жердегі Ульсан қаласында болған. Қайтыс болған азамат басқалармен қатар мұнай өңдеу зауытында жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан қосалқы мердігер болған. Тағы тоғыз жұмысшыны әртүрлі ауырлықтағы күйік шалған.
Жарылыс кезінде құрылыс алаңында барлығы 26 адам болған, оның 14-і — S-Oil Corp компаниясының қызметкері.