Олар оқу жылын 2 қыркүйекте бастап, келесі жылы 31 мамырда аяқтайды.
ERNUR.KZ. Өзбекстанның барлық өңірінде 2021-2022 оқу жылында мектепке дейінгі білім беру ісіне мобильді топ базасы қосылады, деп жазады Азаттық.
3 тамызда үкімет осындай жарлық қабылдады. Құжатта мектепке дейінгі білім беру ісімен айналысатын шұғыл топ ұйымдастыру туралы айтылған.
Мұндай топтар арнайы техника - барлық талапқа сай заманауи автобус базасында ұйымдастырылады.
Мектепке дейінгі білім министрлігінің хабарлауынша, балабақшаға айналатын ISUZU HC 40 автобустарында күннен қуат алатын батарея, желдеткіш, әжетхана, ыстық және суық су жүйесі, тамақ жылытуға арналған асхана болады.
Бір топта 30-ға жуық бала оқиды. Сабақ үш сағатқа созылады.
Шұғыл топ күніне үш ауысымда, аптасына алты күн жұмыс істеуі мүмкін.
Олар оқу жылын 2 қыркүйекте бастап, келесі жылы 31 мамырда аяқтайды.
Мемлекеттің мектепке дейінгі білім беру қызметі халыққа тегін ұсынылады.
Министрлік мәліметінше, былтыр өңірлерде 49 балабақша-автобус жұмыс істеген.