Өзбекстанда 1 сәуірден бастап карантин талаптары күшейтіледі

0
2 261

Комиссия шешіміне сәйкес, 1 сәуірден бастап республикада 100 адамнан көп жиналатын шаралар өткізуге тыйым салынады.


Өзбекстанда 1 сәуірден бастап карантин талаптары күшейтіледі

ERNUR.KZ. Республиканың арнайы комиссиясы 1 сәуірден бастап карантин талаптарын күшейту туралы шешім қабылдады, деп жазады centralasian.org.

Комиссия шешіміне сәйкес, 1 сәуірден бастап республикада 100 адамнан көп жиналатын шаралар өткізуге тыйым салынады.

Бұған қоса, театрлар мен кинотеатрларда көрермендер медициналық маска тағып жүруі тиіс. Ал залдағы көрермендер 50 пайыздан аспауы керек.

Ойын-сауық бағдарламаларына арналған билеттерде "Деніңіз сау болғанда ғана қойылымға келіңіз" деп жазылуы керек.

Залдарға кіретін жерде кезекті реттейтін арнайы жолақтар тартылуы тиіс.

Залдарда карантин талаптарының толық сақталуына ұйымдастырушылар жауап береді.