Өзбекстанда 17 мыңнан аса шенеунік жұмыстан қысқарады

0
614

Басшы орынбасарларының саны 207-ден 144-ке дейін немесе 30 пайызға қысқарады.


Өзбекстанда 17 мыңнан аса шенеунік жұмыстан қысқарады

ERNUR.KZ. Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің жарлығына сәйкес 17 мыңнан аса шенеунік жұмыстан қысқарады, деп жазады tengrinews.kz.

Жарлыққа сәйкес, министрліктер мен ведомстволардан бюджеттік және бюджеттен тыс қорлардан қаржыландырылатын 17 447 қызметкер (24 пайыз) қысқарады.

Басшы орынбасарларының саны 207-ден 144-ке дейін немесе 30 пайызға қысқарады. Сондай-ақ, алдын ала бағалау бойынша, 703 қызметтік көлік пен 10 ғимарат босайды. Осы шаралар нәтижесінде Өзбекстан билігі мынадай қаржы үнемдейді:

  • Штаттарды қысқарту арқылы 1,5 триллион сум (133 миллион доллар) ;
  • Көліктердің санын азайту арқылы 70 миллиард сум (6,2 миллион доллар) (жанармай, май, шиналарды ауыстыру және т.б. шығындарды қосқанда).

Министрліктер мен ведомстволар қызметкерлерінің жалпы шектеулі саны 56 573 адам болады.

Жарлыққа сәйкес министрліктер мен ведомстволардың бюджеттен тыс қаражаты есебінен қосымша штат енгізуге қатаң тыйым салынады.