Өзбекстанда әлеуметтік желілерге шектеу қойылды

0
642

Әлеуметтік желілерді пайдалану Өзбекстан азаматтарының жеке деректерін өңдеу кезінде заңнама талаптарының бұзылуына байланысты шектелгені хабарланды.


Өзбекстанда әлеуметтік желілерге шектеу қойылды

ERNUR.KZ. Өзбекстанда бірнеше әлеуметтік желіні пайдалануға шектеу қойылды. Бұл туралы елдің Ақпараттандыру және телекоммуникациялар саласындағы бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекцияның мәлімдемесінде айтылған, деп жазады Tengrinews.kz.

Әлеуметтік желілерді пайдалану Өзбекстан азаматтарының жеке деректерін өңдеу кезінде заңнама талаптарының бұзылуына байланысты шектелгені хабарланды. 2 шілдеден бастап олар анықталған кемшіліктер жойылғанға дейін "Дербес деректер субъектілерінің құқықтарын бұзушылар тізіміне" енеді.

Әзірге қай әлеуметтік желі екені белгісіз, бірақ қолданушылар Twitter, TikTok және ВКонтакте, сондай-ақ Skype жұмысында қиындықтар болғанын хабарлады.