Өзбекстанда электромобильдер импорты 3 есеге өскен

0
763

2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда электромобильдер импорты 1 223-ке өскен.


Өзбекстанда электромобильдер импорты 3 есеге өскен

ERNUR.KZ. Өзбекстанға импортталатын электромобильдер саны шамамен 3 есе өсті, деп жазады ҚазАқпарат.

Өзбекстанның мемлекеттік статистика комитетінің мәліметінше, Өзбекстан 2022 жылдың қаңтар-қараша айларында шетелден жалпы құны 61,3 млн АҚШ долларын құрайтын 1912 электромобиль импорттаған.

2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда электромобильдер импорты 1 223-ке өскен.

Өзбекстанға әкелінген электромобильдер негізінен мына елдерден импортталған.

  • Қытай – 1675 дана
  • БАӘ – 111
  • Германия – 56
  • Гонконг - 42
  • Литва - 10
  • Корея - 7
  • Басқа елдер – 11 дана