22 қазан күні сағат 4:55-те Сырдария облысындағы Мәлік ауылындағы әскери қоймада жарылыс болды.
ERNUR.KZ. 22 қазанда түнде Өзбекстанның Сырдария облысындағы әскери қоймада жарылыс болды, деп жазады zakon.kz.
Өзбекстан Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 22 қазан күні сағат 4:55-те Сырдария облысындағы Мәлік ауылындағы әскери қоймада жарылыс болды.
Ведомствоның мәліметінше, зардап шеккендер жоқ. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Gazeta.uz басылымының жазуынша, жергілікті тұрғындар жер сілкінісіне ұқсас дүмпуді естіген. Көшеде ағаштар тербеліп, тесік-терезелер ашылған, көптеген үйлер мен дүкендердің терезелері сынып, кейбірі қираған.