Өзбекстандағы балалар өлімі: Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ескерту жасады

0
899

Өзбекстан Денсаулық сақтау министрлігі екі өнімнің үлгілеріне зертханалық талдау жүргізген кезде екі өнімде де ластаушы заттар ретінде рұқсат етілмейтін мөлшерде диэтиленгликоль және/немесе этиленгликоль бар екенін көрсетті.


Өзбекстандағы балалар өлімі: Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ескерту жасады

ERNUR.KZ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Өзбекстанда 20 баланың өмірін қиған үндістандық "Док-1 Макс" және "Амбронол" препараттарына қатысты ескерту жасады, деп жазады zakon.kz.

Екі өнімді де MARION BIOTECH PVT. LTD (Уттар-Прадеш, Үндістан) өндірген. Өндіруші бүгінге дейін ДДҰ-ға бұл өнімдердің қауіпсіздігі мен сапасына кепілдік құжатын өткізбеді, деп мәлімдеді ұйым.
Өзбекстан Денсаулық сақтау министрлігі екі өнімнің үлгілеріне зертханалық талдау жүргізген кезде екі өнімде де ластаушы заттар ретінде рұқсат етілмейтін мөлшерде диэтиленгликоль және/немесе этиленгликоль бар екенін көрсетті. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Өзбекстаннан 22 желтоқсанда ескертпе алғанын хабарлады.
Бұл өнімнің екеуі де елдің басқа өңірлерінде сатуға рұқсат етілуі мүмкін. Сондай-ақ олар бейресми нарықтар арқылы басқа елдерге немесе өңірлерге таратылған болуы мүмкін.
"Үшкен кезде диэтиленгликоль мен этиленгликоль улы болып, адам қліп кетуі мүмкін. Сапасыз өнімдер қауіпті және оны ішкен кезде, әсіресе балалар, оның соңы ауыр жарақатқа немесе өлімге әкеп соқтыруы мүмкін. Уытты әсерлер іштің ауыруы, құсу, диарея, зәр шығара алмау, бас ауруы, психикалық жағдайдың өзгеруі және бүйрекке кері әсер ету арқылы жүріп, өлімге әкеп соғуы мүмкін", - деді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы.

ДДҰ пациенттерге зиян келтірмеу үшін осы сапасыз өнімдерді анықтау және айналымнан шығару маңызды екенін атап өтті.

Сондай-ақ ұйым мемлекеттер басшыларынан осы өнімдер жеткізілуі мүмкін елдер мен өңірлердегі жеткізу тізбегіне бақылауды күшейтуді сұрады.

"Сұйық дәрілік заттарды өндірушілерге, әсіресе пропиленгликоль, полиэтиленгликоль, сорбитол және/немесе глицеринді қоса алғанда, қосалқы заттары бар сироптарға, дәрілік препараттарда қолданар алдында этиленгликоль және диэтиленгликоль сияқты ластаушы заттардың бар-жоғын тексеруге қатаң кеңес беріледі", - деді ДДСҰ.

Денсаулық сақтау ұйымы барлық медициналық өнімдерді уәкілетті жеткізушілер мақұлдау керек деді.

Өзбекстан үнді өндірушісінен сироп алған 20 баланың өлімін растады. Жүргізілген тексерулер нәтижесінде препараттың партиясынан нормадан 300 есе жоғары мөлшерде улы зат – этиленгликоль анықталды.