Өзбекстандағы жарылыс Қазақстанда естілді: шекаралас ауылдарға комиссия аттанды

0
687

Ресми мәліметке сәйкес, бүгін таңғы сағат 5.51-лер шамасында Мақтаарал ауданының тұрғындары Өзбекстанда болған қатты жарылыс естіді.


Өзбекстандағы жарылыс Қазақстанда естілді: шекаралас ауылдарға комиссия аттанды

ERNUR.KZ. Өзбекстанда болған жарылыстан кейін арнайы комиссия шекараға жақын жерде орналасқан ауылдарға аттанды. Мамандар зақым келген әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлерлің бар-жоғын анықтайды, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Ресми мәліметке сәйкес, бүгін таңғы сағат 5.51-лер шамасында Мақтаарал ауданының тұрғындары Өзбекстанда болған қатты жарылыс естіді.

"Ауданның төтенше жағдайлар комиссиясы шұғыл түрде Жамбыл, Бірлік, Иіржар, Еңбекші ауылдық округтері мен Атакент кенті бойынша зардап шеккен әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлерді анықтау бағытында жұмыстар жүргізуде. Адам шығыны жоқ", - делінген ресми хабарламада.

Айта кетері, бүгін Қазақстанмен шекаралас жерде орналасқан әскери қоймада жарылыс болды. Төтенше жағдай Өзбекстанның Сырдария облысындағы Малик ауылында болған. Әлеуметтік желіде жарылыстың видеосы тарады.