Пара берген дүркендер мерзімі өтіп кеткен азық-түлік сатып жатыр

0
803

Түркіменстан аймақтарында соңғы жылдары мерзімі өтіп кеткен тауарларды сату қалыпты жағдайға айналған.


Пара берген дүркендер мерзімі өтіп кеткен азық-түлік сатып жатыр

ERNUR.KZ. Түркіменстанның Мары қаласында полиция қызметкерлері жекеменшік дүкендерді аралап, азық-түліктердің жарамды мерзімін тексеріп жатыр, деп хабарлайды ktk.kz.

Полиция өкілдері дүкен иелеріне мерзімі өтіп кеткен тауарлар мемлекет пайдасына алынатынын ескертіп жатыр. Бірақ полиция өкілдері пайдалану мерзімі өтіп кеткен тауарларды сатуға рұқсат беру үшін дүкен иелерінен 2 мың манаттан пара сұрап жатыр. Ресми бағам бойынша бұл 570 долларға, қарабазардағы курс бойынша 105 долларға тең.

Экономикалық дағдарысты бастан өткеріп жатқан Түркіменстан аймақтарында соңғы жылдары мерзімі өтіп кеткен тауарларды сату қалыпты жағдайға айналған.