Париж электр скутерлерден бас тартты

0
1 522

31 тамыздан бастап Франция астанасында бұл транспортты қолдануға тыйым салынды


Париж электр скутерлерден бас тартты

ERNUR.KZ. Көктемде Парижде өткен референдумда қала халқы жалға берілетін электр скутерлерінен толық бас тарту туралы шешім қабылдады, деп жазады inbusiness.kz.

Айта кетерлігі, бұл көлік түрі Парижде алғаш рет 2018 жылдан пайдаланыла бастады. 5 жыл ішінде олардың саны 15 мыңға дейін өсті. Алайда, көліктің бұл түрі танымал болған сайын жазатайым оқиғалар да көбейген.

Өткен жылы мұндай апаттан 3 адам қаза тауып, 495 жан жараланды. Елдегі кей операторлар 1 қыркүйектен бастап скутерлерді электрлі велосипедпен алмастырады.