Президенттің жиені қыркүйекке дейін қамауда болады

0
790

Бішкектің Бірінші Май аудандық соты бұл ақпаратты растады.


Президенттің жиені қыркүйекке дейін қамауда болады

ERNUR.KZ. Садыр Жапаровтың жиені Ұлан Жапаров қамауда қалды, деп жазады zakon.kz.

Бішкектің Бірінші Май аудандық сотына арызды Ішкі істер министрлігінің тергеушісі берді, деп хабарлайды 24.kg. Сот тергеушінің өтінішін қанағаттандырды. Ұлан Жапаров 26 қыркүйекке дейін елорданың 1-тергеу изоляторында қамауда болады.

Бішкектің Бірінші Май аудандық соты бұл ақпаратты растады

Президенттің жиені Ұлан Жапаровқа Қырғыз Республикасы Қылмыстық кодексінің "Сыбайлас жемқорлық" бабы бойынша айып тағылып отыр. Істі Ішкі істер министрлігінің Тергеу қызметі тергеп жатыр.

Ұлан Жапаров – Садыр Жапаровтың немере ағасы Рақымжан Жапаровтың ұлы. Бұған дейін Қырғызстан президенті "бұл жағдай басқа туыстарыма сабақ болады" деген.