Әуе соққысы салдарынан 5 қабатты үй опырылып түскен.
ERNUR.KZ. Львов, Сумск, Черниговск, Луганск облыстарына шабуыл жасалды, деп жазады inbusiness.kz.
Украинаның Төтенше жағдай қызметінің хабарлауынша, солтүстіктегі Десна ауылына түскен зымыраннан 8 адам жан тапсырып, 12 азамат ауыр жарақат алған.
Донецк облысында 7 бейбіт тұрғын қаза болды. Әуе соққысы салдарынан 5 қабатты үй опырылып түскен. Қазір жергілікті халық, үйінді астында қалғандарды шығарып әлек. Арасында кішкентай балалар да бар.