Ресей әскерилері Нигердегі америкалық базаны басып алды

0
350

CNN телеарнасының мәлімдеуінше, ресейлік әскерилерілердің Ниамей маңында жүргеніне бірнеше апта болды.


Ресей әскерилері Нигердегі америкалық базаны басып алды

ERNUR.KZ. Ресей мен Америка әскерлері Нигердегі бір базада тоғысып қалды. Вашингтон әскерилердің әртүрлі ангарларда тұратынын, бір-бірімен қиылыспайтынын мәлімдеді, деп жазады inform.kz.

Ресей әскерилері америкалық әскер орналасқан Нигердегі базаны басып алды, деп жазды Reuters агенттігі Пентагонның жоғары лауазымды өкіліне сілтеме жасап. Мұны кейін АҚШ қорғаныс министрі Ллойд Остин де растады.

Ақпарат көзінің дерегінше, ресейліктер америкалықтармен араласпайды, олардың әскери техникаларына қол жеткізе алмайды және Нигер астанасы Ниамейдегі Амани Диори халықаралық әуежайының жанында орналасқан 101 әуе базасында жеке ангарды пайдалануда.

CNN телеарнасының мәлімдеуінше, ресейлік әскерилерілердің Ниамей маңында жүргеніне бірнеше апта болды.

Бұған дейін елдегі билікті басып алған әскери хунта Вашингтоннан елден мыңға жуық әскерді шығаруды талап еткен. Елде әлі қанша америкалық әскери қызметкер қалғаны және қанша америкалық техника бар екені белгісіз. Жақында АҚШ әскері Чадтан кетуге мәжбүр болды.

Өз кезегінде француз әскерилері жергілікті биліктің қысымымен соңғы жылдары Нигер, Мали және Буркина-Фасодан кетті.