Ресей қорғаныс министрінің орынбасары Тимур Иванов пара алды деген күдікпен ұсталды

0
373

Бұл бап бойынша ең жоғары жаза 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.


Ресей қорғаныс министрінің орынбасары Тимур Иванов пара алды деген күдікпен ұсталды

ERNUR.KZ. Ивановқа қатысты іс туралы әзірге нақты мәлімет жоқ. Ресей тергеу комитетінің хабарлауынша, іс Ресей қылмыстық кодексінің 290- бабы 6-бөлігі бойынша қозғалғаны айтылған. Қылмыстық кодекстің 290-бабы - аса ірі мөлшердегі, яғни 1 миллион рубльден бастап пара алуға қатысты, еп жазады stan.kz.

Бұл бап бойынша ең жоғары жаза 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.

Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың айтуынша, Ивановтың ұсталғаны туралы Владимир Путинге хабарланған.

"Ресей президенті Владимир Путинге қорғаныс министрінің орынбасары Тимур Ивановтың ұсталғаны туралы хабарланды. Қорғаныс министрі Сергей Шойгу да алдын ала хабарланған", - деді ол журналистерге.

Иванов 2016 жылдан бері қорғаныс министрінің орынбасары қызметін атқарып келді және Шойгудың одақтасы саналды.

Иванов әскери өнімдерді сатып алуға жауапты және Қорғаныс министрлігі нысандарының, соның ішінде Украинаның оккупацияланған аумақтарындағы құрылыстарын, реконструкцияларын және күрделі жөндеу жұмыстарын қадағалайды.

2022 жылдың қарашасында Алексей Навальныйдың серіктестері министрдің орынбасары мен оның әйелі Светлананың мүлкі мен қаржысына қатысты тергеуді бастады.

Олардың айтуынша, Иванов отбасымен бірге жазғы демалысын Франциядағы жағалауда өткізіп, онда сәнді кештер ұйымдастырған.

2022 жылы Иванов АҚШ пен ЕО санкцияларына ұшырады.

Ресейлік журналист Фарида Рустамова Ивановтың "қалың жұртшылыққа қауіпсіздік саласындағы ең бай шенеуніктердің бірі ретінде танымал екенін" жазды.

"Бұл соғыс басталғалы бері ең жоғары лауазымды күдікті болуы мүмкін", - деп жазды ол.