Ресейде автобус көпірден құлады: қаза тапқандар саны 15 адамға жетті

0
701

Оқиға орнына екі тікұшақ пен криминалист тергеушілер жіберілді, жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғалды.


Ресейде автобус көпірден құлады: қаза тапқандар саны 15 адамға жетті

ERNUR.KZ. Забайкальеде автобус көпірден құлап, он бес адам көз жұмды, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Жол апаты жексенбі күні "Могойтуй – Сретинск – Олочи" автожолының 60 шақырымында болды. Автобустың ішінде 43 жолаушы отырған.

Басылымның ақпаратынша, автобустың алдыңғы доңғалағы жарылып, көлік Куенга өзеніне құлаған.

Қазір зардап шеккендер саны 18 адамға жетті, олардың алтауы орталық аудандық ауруханаға жатқызылды.

Оқиға орнында мемлекеттік автоинспекция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Оқиға орнына екі тікұшақ пен криминалист тергеушілер жіберілді.