Соңғы уақытта көршілес елде вирус жұқтыру деректерінің рекордтық деңгейі тіркеліп келеді.
ERNUR.KZ. Мәскеуде коронавирустан бір тәулік ішінде 58 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Хабар24.
Осылайша тек ел астанасының өзінде қатерлі вирустан көз жұмғандардың саны 5 жарым мыңнан асып отыр.
Айта кетейік, соңғы уақытта көршілес елде вирус жұқтыру деректерінің рекордтық деңгейі тіркеліп келеді. Басым бөлігі Мәскеуде анықталып жатқан көрінеді.
Нақтырақ айтсақ, қазан айынан бері қалада күн сайын 4 мыңнан астам адам инфекцияға шалдығады екен. Осыған байланысты жергілікті ауруханалардың жүктемесі 15 процентке артқан.