Ресей жасөспірімдерге арналған коронавирусқа қарсы "Спутник-М" вакцинасын тіркеді.
ERNUR.KZ. Ресейде 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдерге арналған COVID-19-ға қарсы вакцинаны қолдануға рұқсат етілді. Бұл туралы Гамалея атындағы эпидемиология және микробиология ұлттық зерттеу орталығы басшысының орынбасары Денис Логунов мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.
"Бүгінгі күні "Спутникті" балалар популяциясында қолдануға рұқсат алынды, вакцина тіркеуден өтті", - деді ол брифингте.
Қазан айының ортасында Гамалея атындағы орталықтың директоры Александр Гинцбург балаларға арналған коронавирусқа қарсы вакцина "Спутник М" деп аталуы мүмкін екенін айтқан болатын, мұнда "M" "кішкентайлар үшін" дегенді білдіреді.
Ресей денсаулық сақтау министрінің көмекшісі Алексей Кузнецовтың айтуынша, жасөспірімдерге ерікті түрде және ата-анасының немесе заңды өкілдерінің келісімімен ғана вакцина салынады.
Айта кетері, Қазақстанда 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдерді коронавирус инфекциясына қарсы егу басталды. Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов барлық өңірдің басшылығына белгіленген ережелерді қатаң сақтауды және жасөспірімдерді ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің жазбаша ақпараттық келісімімен ғана вакциналауды тапсырды.
Қазақстан денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың мәліметінше, 23 қарашаға дейін 26 мыңнан астам балаға Pfizer вакцинасы салынды.