Ресейдегі ауруханада жойқын жарылыс болды

0
562

Емделіп жатқан 158 науқас өзге ауруханаларға жеткізілді.


Ресейдегі ауруханада жойқын жарылыс болды

ERNUR.KZ. Челябинск қаласының орталығында күшті жарылыс болды, деп хабарлайды Хабар24.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, номері екінші ауруханада оттек баллоны жарылған.

Алғашқы келіп түскен мәліметтерге сәйкес, жарылыстан ешкімге зақым келген жоқ. Емделіп жатқан 158 науқас өзге ауруханаларға жеткізілді. Жарылыстан кейін шыққан өрт іргелес тұрған жатақханаға тарап кетті. Құтқарушылар жатақхана тұрғындарын сыртқа шығарды.