Жерасты дүмпуін Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы тіркеген.
ERNUR.KZ. Ресейдің Краснодар қаласынан 29 км қашықтықта жер сілкінді, деп жазады Inbusiness.kz.
24 қаңтар күні тұрғындар әлеуметтік желілердің жергілікті қоғамдастықтарында жерасты дүмпуін сезгендерін хабарлаған. Тұрғындардың кейбірі бөлмеде жиһаздар мен өзге де заттар қимылдағанын жазған.
Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының сайтында 4,5 магнитудалық жер сілкінісінің жергілікті уақыт бойынша сағат 14:19 кезінде, Краснодардан 29 км қашықтықта, 10 метр тереңдікте болғаны айтылған.
РФ Төтенше жағдайлар министрлігінің Карснодар өлкесі бойынша мемлекеттік мекемесінің мәліметтері бойынша, жиілігі 4 балл болатын жерасты дүмпуі Краснодар қаласы, Горячий ключ және Северской ауданында сезілген.
Ресейдің Төтенше жағдайлар министрлігі қазіргі таңда ғимараттарға зақым келген-келмегенін тексеріп жатыр. Осы уақытта тіршілікке қажетті инфрақұрылымдар штатты режимде жұмыс істеп тұр.