Ресейдің Төтенше жағдайлар министрлігі Кемероводағы өрттің басты себебін атады

0
2 918

​Ресейдегі ТЖМ Кемероводағы сауда үйінде шыққан өрттің басты себебін атады. Бұл туралы 24.kz​ хабарлайды.


Ресейдің Төтенше жағдайлар министрлігі Кемероводағы өрттің басты себебін атады

Ресейдегі ТЖМ Кемероводағы сауда үйінде шыққан өрттің басты себебін атады. Бұл туралы 24.kz хабарлайды.

Ведомствоға қарасты зертхана жүргізген тергеуге сәйкес, «Зимняя вишня» кешеніне біреулер қасақана өрт қойған. Атап айтсақ, қызыл жалын балалардың ойын бөлмесіндегі синтетикалық кубиктерді жағудан басталыпты. Ал осы қайғылы оқиға үшін жауаптылардың бірі ретінде ұсталған Н.Судденок сауда үйіне бір топ жас жігіттердің келіп, «Зимняя вишнядағы» қызметтерді тегін пайдаланғысы келгендерін айтқан еді. Бірақ «кешен басшылығы оларға талай рет төтеп беріп, беттерін қайтарған».