Заңға сәйкес, референдум Қырғызстан аумағында 2021 жылғы 11 сәуір, жексенбіге тағайындалды.
ERNUR.KZ. Қырғызстан президенті Садыр Жапаров «ҚР Конституциясы туралы» Қырғызстан Республикасының заң жобасы бойынша референдум (бүкілхалықтық дауыс беру) тағайындау туралы» заңға қол қойды, деп жазады ҚазАқпарат.
Еске сала кетсек, Қырғыз конституциясына өзгерістер енгізу туралы референдумға қатысты заң жобасын Жогорку Кеңеш 2021 жылдың 11 наурызында қабылдады. Заңға сәйкес, референдум Қырғызстан аумағында 2021 жылғы 11 сәуір, жексенбіге тағайындалды.
Қырғызстан Республикасы азаматтарының қабылдауы үшін референдумға «ҚР Конституциясы туралы» ҚР Заңының жобасы шығарылады. Құжат ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.