Мұндай терезелерді 1630 жылдары Италияда оба өршіп кеткенде саудагерлер пайдаланған.
ERNUR.KZ. Коронавирус кесірінен италиялықтар ортағасырлық дәстүрді қайта жаңғыртты, деп хабарлайды Хабар24.
XVII ғасырда Флоренцияның ауқатты тұрғындары бұл терезелер арқылы артылған шарапты жұмысшыларға сатып отырған. 1630 жылдары Италияда оба өршіп кеткенде, оларды саудагерлер пайдаланған. Яғни терезеден тауарды беріп, ақшаны металл ыдыс арқылы қабылдаған. Кейіннен ол ыдысты залалсыздандырып отырған. Бұл ауруды жұқтырып алмау үшін жасалған.
Кейін 1966 жылғы алапат су тасқынынан кейін ғимараттардың біразы бүлініп, бұл терезелерді ешкім қолданбайтын болған. Енді коронавирус өршіп тұрған кезде дәстүр қайта жаңғыртыла бастады. Қазір итальяндар «шарап терезелері» арқылы сусындар мен балмұздақ сататын болды.