Шетелде жүрген Айқынның құжаттары мен ақшасын ұрлап кетті

0
1 169

Айқынға Барселонада 100 еуро көлемінде айыппұл салынды


Шетелде жүрген Айқынның құжаттары мен ақшасын ұрлап кетті

фото: ашық дереккөзден

ERNUR.KZ. Қазақстандық әнші Айқынның Барселонадағы оқиғасы жалғасын тапты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz.

Жақында әншіге испандық қалада дұрыс көлігін қоймағаны үшін айыппұл салынған еді, енді құжаттары мен ақшасы бар сөмкесін ұрлап кетті.

Музыкант Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында оқырмандарына жылына тек Барселонаның ішінде ғана 50-ден астам қазақстандықты тонап кетеді екен деп жазған. Оның айтуынша, Еуропада ұрлық шарықтап тұр.

"Сондықтан көшеге шыққанда паспоррттар мен документтерді номерда, сейфта қалдырыңыздар. Фотосы жеткілікті. Полиция ұрланған заттарды іздемейді де. Себебі шағымданушылар өөөөөте көп. Метро, автобус, көше, тіпті сауда орталықтарында да(біз сияқты) заттар ұрлануда. Ұрылар сіздерді қастарыңызда аңдып жүреді. Әңгімемен алдап, немесе үстіңізге су шашып қалтаңызды сыпырып кетуі мүмкін. Әдемі киінген қыз немесе жігіт те болкы мүмкін. Машинаның терезелері күнде шағылуда. Немесе баланын жарып кетіп, резинаны ауыстырып жатқанда да сақ болыңыздар. Ал біз үйге қайттық. #хооооооооочуууууу домой", - деп жазды Айқын.

Айта кеткен жөн, жақында Айқынға Барселонада 100 еуро көлемінде айыппұл салынды, сонымен қатар, оны шолақ шалбармен мейрамханаға кіргізбей, бронға қалдырған 180 еуросын да қайтармай қойған.