Швейцарияда өтетін конференцияға 90 мемлекет пен ұйым қатысады

0
355

Бұған дейін Украина бойынша конференцияға мемлекет және үкімет басшылары деңгейіндегі 160-тан астам делегация шақырылғаны хабарланды. Онда Ресейдің өкілдері болмайды.


Швейцарияда өтетін конференцияға 90 мемлекет пен ұйым қатысады

ERNUR.KZ. Швейцарияда өтетін Украина бойынша конференцияға 90 мемлекет пен ұйым қатысады, деп жазады sputnik.kz.

"Қазіргі уақытта 90 мемлекет пен ұйым Бюргеншток тауында өтетін Украинадағы бейбітшілік мәселелері жөніндегі саммитке қатысу үшін тіркелді. Мемлекеттердің жартысына жуығы Еуропадан, қалған жартысы басқа құрылықтардан келеді", - делінген министрлер кабинеті сайтындағы мәлімдемеде.

Сондай-ақ конференция 15 маусым күні түстен кейін пленарлық отырыспен басталатыны хабарланды. Ал 16 маусымда жұмыс топтары ядролық қауіпсіздік, кеме қатынасы еркіндігі және азық-түлік қауіпсіздігі тақырыптарын, сондай-ақ гуманитарлық тақырыптарды егжей-тегжейлі талқылайды. Конференцияның қорытындысы бойынша қорытынды акт жасалады.

"Кездесудің басты мақсаты – болашақ бейбітшілік процестеріне дем беру... халықаралық құқық пен БҰҰ Жарғысына негізделген Украинада жан-жақты, әділ және ұзақ бейбітшілікке қол жеткізу жолдары жайлы диалог алаңын қамтамасыз ету", - деп жазылған Швейцария үкіметінің мәлімдемесінде.
Бұған дейін Украина бойынша конференцияға мемлекет және үкімет басшылары деңгейіндегі 160-тан астам делегация шақырылғаны хабарланды. Онда Ресейдің өкілдері болмайды.