Қытай Коммунистік партиясы (ҚКП) ҚКП Орталық Комитетінің бас хатшысы, төраға Си Цзиньпиннің орталық рөлін нығайтты. Партияның ХХ съезінің қорытындысы бойынша 22 қазанда ұйым жарғысына тиісті түзетулер бекітілді.
ERNUR.KZ. Қытай төрағасы Си Цзиньпин Қытай Коммунистік партиясының басшысы болып үшінші бесжылдық мерзімге сайланады, - деп жазады Tengrinews.kz.
Қытай Коммунистік партиясы (ҚКП) ҚКП Орталық Комитетінің бас хатшысы, төраға Си Цзиньпиннің орталық рөлін нығайтты. Партияның ХХ съезінің қорытындысы бойынша 22 қазанда ұйым жарғысына тиісті түзетулер бекітілді. Олардың мақсаты – Си Цзиньпин мен оның саяси идеяларының ҚКП-дағы үстемдігін көрсету және Қытайдағы партия билігін сақтау.
Съезде сондай-ақ 20-ыншы ҚКП Орталық Комитетінің құрамы бекітілді. 23 қазанда пленум Орталық Комитет Саяси бюросы мен Тұрақты комитетінің жаңа құрамын тағайындайды. 69 жастағы Си Цзиньпин Қытай басшылығының қазіргі екі мерзімді шектеулерге қарамастан, үшінші бес жылдық мерзімге бекітіледі деп күтіліп отыр.