Сомалиде жойқын су тасқыны басталды

0
624

Табиғи апаттан 22 адам опат болды.


Сомалиде жойқын су тасқыны басталды

ERNUR.KZ. Ұзақ уақыт қуаңшылық зардабын тартқан Сомалиде аяқ астынан нөсер жауды, деп жазады inbusiness.kz.

Толастамай жауған жаңбыр салдарынан Шабель өзені арнасына асып, су тасыды. Табиғи апаттан 22 адам қаза тауып, 220 мыңдай адам үйлерін тастап, бас сауғалауға мәжбүр болды.

Өңірдегі мемлекеттік мекемелер, мектептер мен ауруханалар жабылды. Осының салдарынан тырысқақ пен безгек дерттерінің тарау қаупі бар.