Атыс салдарынан ең кемі он адам жараланған, бесеуі ауыр хәлде жатыр.
ERNUR.KZ. АҚШ-тың Аламаба штатындағы Мобил қаласында футбол стадионында атыс болды. Салдарынан кем дегенде он жасөспірім жараланды, деп жазады sputniknews.kz.
Белгілі болғандай, америкалық футбол матчынан кейін орта мектептің командалары бір-біріне оқ жаудырған.
Полицияның ақпаратынша, 15 пен 18 жас аралығындағы он жасөспірім жараланды. Олар бірден ауруханаға жеткізілген. Бесеуінің жағдайы ауыр.
Тәртіп сақшылары оқиға орнында болған адамдардан жауап алды. Атысқа қатысы бар деген күдікпен екі адам ұсталған.